Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Дариға Бадықованың экс-күйеуі сөзін растайтын дәлелдерді жарияламақ

Актер Дархан Мұсаев әлеуметтік желідегі парақшасында экс-әйелі Дариға Бадықова мен өткен өміріне қатысты деректі фильм жарыққа шығатынын жазды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Дариға Бадықованың экс-күйеуі сөзін растайтын дәлелдерді жарияламақ
фото: видеодан скриншот

«Құрметті ағайын! Алдағы уақытта, Сіздердің назарларыңызға ыстық сұхбат ұсынылады. Ол жерде барлығы нақты, кеңінен көрсетіледі яғни, аудио, видео, диктафон және уатсап арқылы алынған дәлелдер арқылы, менің сөзімді растап деректі фильмде анық сөзімнің дәлелі болуы үшін еш қоспасыз көрсетіледі.

Бұндай деректі фильм Қазақстанда алғашқы рет ұсынылайын деп отыр. Сонымен қатар әр кейіпкер суда жүзген балықтай жүзіп ұстатпай кетпеу үшін, ақ қарасы жіліктеп көрсетіледі. Сіздерге кімдікі дұрыс, бұрыс екенін өздеріңіз шешесіздер!», - деп жазды ол.