Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Ырысбала 13,5 млн теңгені бермей қойды»: Әлеуметтік желіде жалғызбасты ана жанайқайын жеткізді

4 балалы жалғызбасты ана Гүлім Болатжанның айтуынша, халықтың қолдауымен жиналған 13,5 миллион теңге оған жетпей қалған. Себебі қайырымдылық қорын басқаратын Ырысбала Икрамбаева: «Сіз билікке қарсы екенсіз ғой» деп қаражатты беруден бас тартқан, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Ырысбала 13,5 млн теңгені бермей қойды»: Әлеуметтік желіде жалғызбасты ана жанайқайын жеткізді
фото: әлеуметтік желіден

Бұл ақпарат әлеуметтік желіде үлкен дау туғызды. Бірі «ешкім пәтер сыйлауға міндетті емес, бәрі сияқты жұмыс істеу керек» десе, енді бірі «қайырымдылық қор осылай әрекет етсе, халықты алдағаны» деп ашуға мінді. Кейбір желі қолданушылары «балаларды дүниеге әкеліп алып, кейін мемлекет пен халықтан талап ету дұрыс емес» десе, басқалары «әр адамның тағдыры әртүрлі, мүмкін күйеуі қайтыс болған немесе ауырған шығар, сондықтан асығыс үкім шығару орынсыз» деп ананы қорғап шықты.

Талқылауға қатысқан тағы бір тұрғын: «Менің әжем 33 жасында жесір қалып, жалғыз өзі төрт баласын оқытып, аяқтандырды. Ешқашан шағымданған жоқ» деп өз өмірінен мысал келтірді. Ал қарсы пікір айтушылар қайырымдылық қорын ашық сынға алды. Олардың сөзінше, егер қор жиналған ақшаны шынайы мұқтаждарға бермесе, онда халық сенімін теріс пайдаланып отыр.