Әнші әрі актер Нұрлан Әлімжанов пен өнердегі әріптесі Әйгерім Қалаубаеваға қатысты әлеуметтік желіде түрлі қауесет тарады, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған себеп – екеуінің бірге жүрген сәттерін көрсететін бейнежазбалардың жариялануы. Соңғы видеолардың бірінде қос өнер иесі достарымен қоштасып, қол ұстасқан күйі кетіп бара жатқанын байқауға болады.
Бұл көрініс жұртшылықтың назарын аударып, желі қолданушылары арасында сан түрлі пікір тудырды. Бір топ адам олардың қарым-қатынасына күмән келтірсе, енді бірі Нұрлан Әлімжановтың жеке өміріне қатысты болжамдар жасап жатыр.
Әлеуметтік желіде қалдырылған пікірлердің бірінде: «Екеуінің де отбасылары бар ғой», «Өздері себеп беріп отыр», «Бұл әйел байынан кетіп, Нұрланға қосылған. Сол үшін Нұрлан да отбасыдан ажырасты», «Егер отбасы бар болса, осылай қол ұстасып жүре ме?», «Жұрт көргенін айтады, екеуі тым жақын жүр» деген сынды жазбалар бар.