Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қайырымдылық дауы: Тексеріс блогер Ырысбала Икрамбайға да жетті

Қазақстанда қайырымдылықпен айналысатын блогерлердің жұмысына қатысты тексерістер күшейіп жатыр. Жуырда Перизат ісінен кейін бірнеше танымал блогердің қызметі құқық қорғау органдарының назарында екені белгілі болды, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қайырымдылық дауы: Тексеріс блогер Ырысбала Икрамбайға да жетті
фото: әлеуметтік желіден

Солардың қатарында әлеуметтік желі арқылы халықтан ақша жинап, тұрмысы төмен отбасыларға үй сыйлаумен танылған Ырысбала Икрамбай да бар. Белгілі болғандай, оның қайырымдылық науқандары мен қаржының жұмсалу тәртібі тексерілуде.

Әлеуметтік желілерде бұл жағдай үлкен талқылауға түсіп, пікір екіге бөлінді: бір бөлігі блогерді қолдаса, екінші бөлігі ашық есеп беруді талап етуде.

Ресми органдар әзірге тексеріс нәтижелері туралы толық ақпарат берген жоқ. Бірақ мамандар мұндай жағдай қайырымдылық саласында ашықтық пен сенімділікті арттыруға себеп болуы мүмкін екенін айтады.