Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Ұлымды ренжітпе!»: Танымал блогердің ата-енесі тойдың ортасында кетіп қалды

Танымал блогер Салтанат Аманқосованың ата-енесінің тойдағы әрекеті желіде талқыға түсті, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Ұлымды ренжітпе!»: Танымал блогердің ата-енесі тойдың ортасында кетіп қалды
Коллаж: sn.kz

Екінші рет тұрмысқа шыққан блогердің атасы мен енесі тойға қатыспай кетіп қалды.

"Біз енді тілегімізді айтқаннан кейін қайта береміз. Үлкендер жоқ, жастар өзі қалады. Тойды жақсы өткізіңдер", - деді қайын атасы. Ал блогердің енесі болса, келініне баласын аманаттады. "Балаларымызға денсаулық тілеймін. Келініміз бізге жақсы келін болсын. Ер-азаматты алға тартатын, артқа сүйрейтін әйел адам. Сондықтан Салтанат, менің баламды ренжітпей жақсы отбасы болыңдар", - деп енесі сөзін аяқтады.

Желі қолданушылары аталмыш тойды талқыға салып түрлі пікір жазды.