Эммануэлла Наурызбаева есімді қыз Ақтөбедегі «Нұр Ғасыр» мешітінде харассментке ұшырағанын айтып, видео жариялған еді. Бұл қоғамда қызу талқыланды, деп жазады Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Қыздың айтуынша, мешіттегі сақалды ер адам оған «бір реттік неке» ұсынып, жыныстық қатынасқа шақырған.
Бұл сәтті қыз видеоға түсіріп үлгерген. Оқиға қоғамда резонанс тудырып, Рүстем Жүгінісов пен Жарқын Мырзатай есімді азаматтар видео жариялап, керісінше қызды айыптады.
«Әйелдің мешіті — оның үйі. Ер адамдар мешітте намаз оқығаны дұрыс болса, әйелдерге үйде оқығаны абзал. Өздеріңізден де бар», — деді Рүстем Жүгінісов.
Сондай-ақ ол: «Мешітке барған қыздарды бай іздеп жүр деп ойлайды. Қарындасымыздың былай-былай шығып жүргені дұрыс емес», — деп пікір білдірді.
Ал Жарқын Мырзатай болса, Эммануэлланың әрекетін сынап, оны «Ислам дініне кір келтірді» деп айыптады.