Танымал әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында өнерлі жұппен бірге түскен видеосын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz Sinside сайтына сілтеме жасап.
Сәкен Майғазиев Instagram желісіндегі ресми парақшасында өнерлі жұп – Жазира Байырбекова мен Жанболат Ербатыровтардың ұлы Қазбекке ақ батасын берген видеосын жариялады.
"Алла, нәсіп етсе, Әділеттің жолын Қазбек баламызға берсін. Той-тойға ұлассын. Осылай жүгіріп жүруді нәсіп етсін. Жанболат пен Жазира да құда болсын ба, ағайын?", – деді Сәкен Майғазиев.