Димаш Құдайбергеннің әніне арналған челленжге қатысып, TikTok - тағы видеоларымен танымал болған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза қызметінен кеткенін жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Бәрін тоқтаттым. Мектеп, қызмет, әлеуметтік желі»,- деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.
Еске салсақ, Астанадағы №58 мектеп-гимназиясының директоры Ақмоншақ Нұртаза 11-сыныпты тәмамдаған түлектерімен бірге Димаштың орындауындағы Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әніне арналған челлендж түсірген. Оның видеосы 3,1 миллион қаралым жинап, жеңімпаз атанып, Диамштың Лондондағы концертіне билет ұтып алған болатын.