Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова Instagram желісінде бейнежазба жариялап, жеке өміріне қатысты жүрекжарды жазбасын бөлісті, деп хабарлайды Paryz.kz sinside.kz-ке сілтеме жасап.
"Кешірші десең де, жүрек бұрынғыдай соқпайды. Жара жазылса да, ізі қалады. Жүрек бәрін ұмыта алмайды. Себебі ол енді бұрынғы емес. Кімге таныс жағдай?" – деп жазды ол жазбасында.
Желі қолданушыларының бірі Мөлдір Мұқановаға бұл жазбасы үшін сын айтты: "
Ажыраспаған болсаң, халықты мазақ қылма. Егер сен хайп жасап, елді алдап жүрсең, бұл – алаяқтық. Бес балаң бар, арам нан жегізбе. Біз қазір қолдап жүрміз, бірақ сенімнен шықсаң, халық қарсы шығуы мүмкін. Хайп деген – харам", – деп ескерту жасады.
Мөлдір бұл пікірге қысқа жауап қатты: "Ешқандай да хайп емес!"