Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы күзде Англияға аттанады, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
«Осы күзде Англияға, Оксфорд университетіне кетіп бара жатырмын. Енді шетелдік студенттермен түрлі зерттеулер өткізіп, қазақ тілінің ауқымын кеңейтіп, дәрежесін бірге көтереміз», — дейді ол.
Желідегі жұрт шетел гранттарын жастардың иеленгені дұрыс деген сарындағы пікір қалдырып жатыр.
«Құтты болсын, бірақ Айгүл сияқты күйеуге тиіп, өзіңмен өзің болып кетпе», «Жастар баруы керек, Иманбаева барып байға тиіп келді, мемлекетке қандай пайда әкелді. Елімізді кім ойлар екен», «Болашақ осыларды қаржыландырады екен ғой», «Ағылшын тілін білмейтіндерге мемлекеттің қаржысына оқу — халық ақшасын дадаға шашумен тең, тіл білсе, мархабат», деген желі қолданушылары.