Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Жат жұртта жүрген жиен: желіде Рахат Әлиевтің екінші некеден туған қызының суреті тарады

Желіде атышулы саясаткер әрі марқұм Рахат Әлиевтің екінші некеден туған қызының суреті пайда болды, деп хабарлайды Paryz.kz Todayinfo ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жат жұртта жүрген жиен: желіде Рахат Әлиевтің екінші некеден туған қызының суреті тарады
фото: әлеуметтік желіден

Өзін Наргиза Рахатқызы деп таныстырған бойжеткен әлеуметтік желіде анасының есімі Эльнара Шоразова екенін жазған. Эльнара – Әлиевтің екінші әйелі. Екеуі 2009 жылы Австрия астанасы Венада некеге тұрған, тіпті сол кезде Рахат Әлиев күйеуінің тегін қабылдап, өзін "Рахат Шораз" деп атаған.

Эльнара Шоразова кім?

Журналистік зерттеулер мен мәліметтерге сүйенсек, Эльнара Шоразова 1970 жылдардың ортасында туған. Бұрын Қазақстанның Австриядағы елшілігінде атташе, үшінші, кейін екінші хатшы қызметтерін атқарған.

Оның есімі Еуропада Әлиевке қатысты қаржылық істер мен сот процестерінде де бірнеше рет аталған. Шоразова Мальтадағы Рахат Әлиевтің мүлкіне қатысты сот ісіне қатысып, бұғаттау шараларына қарсы шағым түсірген. Сот оған 300 мың еуро өтемақы төлеуге шешім шығарған.

Сонымен қатар ол Австрия мен Германиядағы қаржы схемаларына қатысты іс материалдарын Қазақстанға беруді талап еткен. Бұл әрекеттер кейбір сарапшылар тарапынан саяси астары бар деп бағаланған.