Құтқарушылар Ақылбек Нұрисламның денесін Үлкен Алматы шатқалының маңынан тапты. Бұл туралы Lider.kz еріктілер тобы хабарлады, деп жазады Paryz.kz.
Оны іздеуге 40-тан астам адам жұмылдырылды: құтқарушылар, полиция қызметкерлері, еріктілер, кинологтар мен дрондар жұмыс істеді. Іздеу бірнеше күнге созылып, шатқал аумағында жүргізілді.
Полицияның дерегінше, алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Қайтыс болу себептерін нақтылау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Еске салсақ, Ақылбек Нұрислам 2 шілдеде тауға шығып кетіп, хабарсыз қалған.