Биыл халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы елімізге 3,6 млрд теңге көлемінде қаражат келіп түскен, деп хабарлайды Paryz.kz Ұлттық банктің дерегіне сілтеме жасап.
Аударым көлемі кем дегенде 2017 жылдан бері алғаш рет жоғары деңгейге жетті.
Қазір Ұлыбритания ХААЖ арқылы ҚР-ға аударылған жалпы қаражаттың 19%-ын алып отыр.
Жалпы рейтингте аударым сомасы бойынша бұл ел бірден екінші орынға көтерілді, бірінші орында - РФ, бұл елден 4,6 млрд теңге түскен.
Үшінші орынға жайғасқан мемлекетпен Британияның арасындағы айырмашылық та едәуір. Өзбекстаннан шамамен 2 млрд тг аударылған.
Сонымен қатар Ұлыбританиядан келген қаражат едәуір көп трансакция санынан құралды. Яғни 9,9 мың операция.
Бұл көрсеткіш бойынша да екінші орынға орнықты. Бірінші орында - РФ (16,5 мың), үшінші орында - Германия (4,7 мың).