Актриса, Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова жуырда бесінші сәбиіне жүкті екенін елге хабарлаған болатын. НТК телеарнасының "Ревю" бағдарламасына берген сұқбатында әнші бұл өзі үшін күтпеген жайт болғанын мәлім етті, деп жазады Paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.
Аяғы ауыр екенін оқырмандарына ашық айтып, желіге суретін жүктеген Жұлдыз Әбдікәрімова жүктілігі туралы пікір білдірді. Актриса бұл өзі үшін тосын жайт болғанын жасырмады.
"Мүлдем ойлаған жоқпын. Өйткені халыққа белгілі, менің сол кездегі жағдайым қандай болғанын бәрі біледі, куә болды. Сонымен жүріп қалдым. Солай болуы керек болған шығар. Естіген кезде қуандым. Өздеріңіз білетіндей, төрт балам бар. Енді бесінші баланы да қуана-қуана қабылдаймыз. Бергеннен кейін тастамаймыз", - деді ол.
Осы тұста желі қолданушылары актрисаның бұл айтқанын жақтырмай қалды.
"Бергенннен кейін тастамаймыз дегені несі", "Өкінетіні бетіне шығып тұр", "Сөйлеу мәдениеті жоқ", "Ойланып сөйлеу керек қой", - деп жарыса жазғандардың қарасы көп.