Прямая трансляция

Астана

Астана

23°C

Астанада көлік жүргізушісі рөлде көз жұмды

Астанада Тоқпанов көшесінде болған өлімге әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астанада көлік жүргізушісі рөлде көз жұмды
фото: видеодан скриншот

Елордалық полицияның хабарлауынша, Шарль де Голль көшесі бағытына қарай келе жатқан жеңіл автокөлік жүргізушісі кенеттен өзін нашар сезініп, көлікті басқара алмай қалған.

«Оқиға салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлады Астана ПД баспасөз қызметі. 

Әлеуметтік желілерде қайғылы оқиға орнынан түсірілген кадрлар жарияланды.

Видеоларда тұрақта тұрған автокөлік пен қоршалған аумақ көрінеді, ол жерде көз жұмған жүргізушінің денесі болған деп болжануда. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.