Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Қоғам бүгін, 09.07.2030 09:55 Обновлять, 17.11.2025 11:28

Есірткі таратқан ҚТЖ қызметкері ұсталды

Павлодар облысында есірткі таратқан ҚТЖ қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды paryz.kz.

Есірткі таратқан ҚТЖ қызметкері ұсталды
фото: видеодан скриншот

Жедел іздестіру кешенін өткізу барысында есірткі өткізумен айналысқан қаланың екі тұрғыны қолға түскен.

Ұсталғандардың бірі "ҚТЖ - Жүк тасымалы" ЖШС қызметкері екені белгілі болды. Тінту барысында шамамен 700 грамм есірткі тәркіленді, электрон таразы, электрошокер, пневматикалық мылтық, 2 мылтық және оқ-дәрі алынды.

"Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер қамауға алынды", - деді Павлодар облысы Полиция департаменті өкілі.