Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Шымкентте «Жаңа белестегі жастар» форумы өтті

Өңірде алғаш рет студенттік Қазақстан халқының Ассамблеясы құрылды. Осы бастаманы жүзеге асыру мақсатында М.Әуезов атындағы ОҚУ-нде «Жаңа белестегі жастар» атты форум өтті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте «Жаңа белестегі жастар» форумы өтті
Фото: Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Форумға Университеттегі өзге этнос профессор-оқытушылар құрамы және студент жастар қатысты. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты 33 сессиясында берген тапсырмасына орай ұйымдастырылған форумға, еліміздің өзге де өңірлерінен жастар жиналған. Мемлекетімізде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету үшін жастардың белсенділігі мен өнерпаздығын дамыту мақсатында құрылған Студенттік Қазақстан Ассамблеясы алдағы уақытта құрамын кеңейте бермек. 

- Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздегі этносаралық келісімді нығайтудың бірегей институты. Біздің оқу орнымыз Ассамблеяның идеяларын қолдай отырып, білім алушылар арасында достық, толеранттылық және өзара құрмет мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударып келеді. Қазіргі таңда оқу орнымызда 400-дей өзге этнос профессор-оқытушылар қызмет етеді. 2000-ға жуық білім алушыларымыз бар. Осындай үлкен білім ордасының көпэтностылығы жағдайына ұйымдастырушылық қызмет көрсету үшін арнайы «Тұлға дамыту және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы жұмыс жасауда. Орталық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедраларының «Шаңырақ» атты қауымдастығына мүшелік етеді. Ал жаңадан құрылғалы отырған Студенттік Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің қоғамның саналуандылығын құрметтеуге, бірлігімзді арттыруға және өзара түсіністікті тереңдетуге мүмкіндік береді - деді М.Әуезов атындағы ОҚУ Басқарма мүшесі-Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректор Садыбек Бейсенбаев.

Отырыста этнос аралық қатынастар арасында жүргізіліп жатқан мемлекеттік, саяси бағыттар мен студенттік ассамблеяның міндеттері нақтыланды. Бұл маңызды бастама әртүрлі ұлт өкілдерін жақындастырып, ортақ құндылықтарымызды насихаттауға ерекше үлес қосады.

Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Астанада әйелді пышақтап өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі ұсталды Астанада әйелді пышақтап өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі ұсталды Алматыда Студенттер сарайының шатыры опырылды: ҚазҰУ ғимараттың техникалық жағдайына қатысты мәлімдеме жасады Алматыда Студенттер сарайының шатыры опырылды: ҚазҰУ ғимараттың техникалық жағдайына қатысты мәлімдеме жасады «Жамандағанша, түзетуге тырыс»: Сырымбек Тау елді сынайтындарға жауап берді «Жамандағанша, түзетуге тырыс»: Сырымбек Тау елді сынайтындарға жауап берді «Бала берсең, сана бер»: Қызылордада белгісіз ер адам қарт әжені таксиге отырғызып, қарттар үйіне апаруды өтінген «Бала берсең, сана бер»: Қызылордада белгісіз ер адам қарт әжені таксиге отырғызып, қарттар үйіне апаруды өтінген Алаяқтар Ұлттық Банктің атын жамылып, азаматтардың ақшасын иемденуде Алаяқтар Ұлттық Банктің атын жамылып, азаматтардың ақшасын иемденуде Жол ережесін жиі бұзатындардың да айыппұлы еселеп артпақ Жол ережесін жиі бұзатындардың да айыппұлы еселеп артпақ