Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Перизат Қайрат колледжде ұрлықшы болды»: Оқу орындары түсініктеме берді

Cу тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деп күдікке ілінген “Biz birgemiz” қорының негізін қалаушы Перизат Қайратты қаралайтын деректер әлеуметтік желіде таралып кетті. Соның бірі – Перизаттың өзі оқыған колледж жатақханасында телефон ұрлап, оқудан шыққаны туралы ақпарат тарады. “Маңғыстау өнер колледжі” мен Эстрада-цирк колледжіне желіде тараған ақпараттың рас-өтірігін айтты, деп хабарлайды paryz.kz Stan.kz-ке сілетеме жасап.

«Перизат Қайрат колледжде ұрлықшы болды»: Оқу орындары түсініктеме берді
фото: әлеуметтік желіден

“Маңғыстау өнер колледжі” МКҚК Қасенғалиева Перизат Қайратқызының оқу орнына 2006-2007 оқу жылы “Хорда дирижерлік ету” мамандығы бойынша 1-курсқа қабылданғанын мәлімдеді.

Кейін 2008 жылы Алматы қаласындағы Ж.Елебеков атындағы Эстрада-цирк колледжіне ауысып кеткен. Алайда оның басқа оқу орнына не себепті ауысып кеткенін айтудан бас тартты. Екі оқу орнында да Перизат Қайрат бір жыл, бір жылға жетпейтін уақыт оқыған.

Сондай-ақ Ж.Елебеков атындағы Эстрада-цирк колледжі Перизат Қайраттың оқудан шығып қалғанын растады. “Колледж мұрағатынан Перизат Қайрат (Қасенғалиева) туралы келесі мәліметтер табылды. 

Қасенғалиева Перизат – 2008 жылы ақпан айының екінші жарты жылдығынан бастап, Маңғыстау өнер колледжінен ауысуына байланысты 1-курс “Жеке ән салу” бөліміне бюджеттік оқу түріне қабылданған. 

“Жеке ән салу” бөлімінің 2-курс студенті Қасенғалиева Перизат 2008 жыл қазан айының 24-нен бастап өз еркімен оқудан шығарылған. П. Қасенғалиеваға академиялық анықтама берілген”, – деп мәлімдеді колледждің баспасөз қызметі.