Еуропадағы беделді клубтардың базасында тәрбиеленген футболшы Дінмұхаммед Қашкен сүйіктісі Мерейге Париж төрінде ұсыныс жасады, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Өміріндегі ерекше толқынысты сәтті танымал блогер Мерей Әбілова жеке парақшасында жариялады. "Мен "Иә" дедім. Барлығы ертегідегідей өтті. Барлық қызға жұғысты болсын!", - деп жазды Мерей желідегі парақшасында. Дінмұхаммед сүйіктісіне әйгілі Эйфель мұнарасының маңында сөз салған. Романтикалық сәттің видеосын көрген желі қолданушылары екі жасқа баянды бақыт, ұзақ ғұмыр тілеуде. "Барлық қыздың арманы - Париж емес, футболшыға тұрмысқа шығу", "Жұғысты болсын!", "Бақытты болыңдар", - деп жазды желі қолданушылары.