Ақтау тұрғыны қалада самса, бәліш сататын дүңгіршектердің бірінде тышқандар жүргенін видеоға түсіріп алды. Кадрлар Instagram-да жарияланды деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Видеода екі тышқан нанда жүргенін көруге болады.
«Көшеде тамақ алғанда абай болыңыздаршы, өтініш. Бір нәрсені сатып алмас бұрын айналаңызға қараңыз, бұл сұмдық қой. Бірнеше тышқан жүр. Бұл 22-шағынаудандағы базар, құрылыс дүкенінің артында», – дейді видео авторы.