Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Азиадада аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер берілді

Биыл XX жазғы Азия ойындарында аяқ киіміне байланысты алтын медалінен айырылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер берілді, деп хабарлады Жеңіл атлетика федерациясы.

Азиадада аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер берілді
Фото: ҰОК

Пәтер кілті федерация мен демеушілер атынан табысталып отыр.

"Бұл жай ғана мотивация емес, бұл – алға қарай жасалған үлкен қадам. Мен тоқтамаймын. Алда әлі талай белесті бағындырамын. Уәде беремін. Осындай қолдау мен мойындау тұрғанда, мұның бәрі алтыннан да қымбат", – деді спортшы.