Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Солтүстік Қазақстанда үш бала жидектен уланып қалды

Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында үш бала ауруханаға жеткізілді.

Солтүстік Қазақстанда үш бала жидектен уланып қалды
Фото: pixabay

3, 5 және 8 жастағы балалар көшеде ойнап жүріп, жидек терген. Олардың нақты қандай жидек жегені және қанша мөлшерде тұтынғаны әзірге белгісіз.

Алдымен балалар аудандық ауруханаға жеткізіліп, қажетті тексеруден өтті. Кейін үшеуі де Петропавлдағы облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды.

Дәрігерлердің мәліметінше, балалардың жағдайы қанағаттанарлық. Үшеуі де есін біледі және қажетті ем қабылдап жатыр.