Прямая трансляция

Астана

Астана

9.71°C

"ЖСН-ді өзгертуге болады": ІІМ өкілдері ақпаратқа түсінік берді

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі желіде тарап жатқан ЖСН-ді өзгертуге қатысты ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Ведомство түсіндірмесін Telegram-дағы ресми арнасында жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

"ЖСН-ді өзгертуге болады": ІІМ өкілдері ақпаратқа түсінік берді
Фото: polisia.kz

"Әлеуметтік желілерде ЖСН-ді өзгертуге болады деген ақпарат тарап жатыр. Азаматтар заңнама талаптарына сәйкес уәкілетті органдарға жүгіну арқылы өздерінің аты-жөнін және басқа да дербес деректерін өзгертуге құқылы. Алайда ІІМ нақтылағандай, ЖСН азаматқа бір рет беріледі және қайта өзгертілмейді", - делінген ІІМ түсіндірмесінде.