Прямая трансляция

Астана

Астана

11.64°C

Шетелде соғыс аймақтарында жүрген Қазақстан азаматтарын отанға қайтару: СІМ ресми мәлімдеме жасады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі әлеуметтік желілердегі бейнеүндеулерінде отанға оралуға көмек сұраған қазақстандықтарды қайтару бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Ведомство бұл азаматтарға қатысты қажетті шаралар қабылданып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды paryz.kz.

Шетелде соғыс аймақтарында жүрген Қазақстан азаматтарын отанға қайтару: СІМ ресми мәлімдеме жасады
Фото: видиодан скриншот

Министрлік соғыс аймағында жүрген Қазақстан азаматтарының өтініштерімен жұмысты жалғастыруда. Сенім телефонына өтініштер келіп түсуде. Олардың әрқайсысы тексеріліп, тексеруден кейін дайын тізім ресейлік тарапқа беріледі.

СІМ бұл мәселе бойынша Ресей тарапымен әртүрлі деңгейде үнемі байланыста екенін нақтылады. Сыртқы істер министрлігі қақтығыс аймағындағы Қазақстан азаматтарының өтініштеріне қатысты жұмысты жалғастыруда.

«Әлеуметтік желілерде бейнеүндеу жариялаған азаматтарға көмектесу үшін қажетті шаралар қабылдануда. Оларды елге қайтару мәселесі бойынша келіссөздер жүргізілуде. Жедел желіге келіп түсетін әр өтініштегі ақпарат мұқият тексеріледі. Тексеру аяқталғаннан кейін қалыптастырылған тізім ресейлік тарапқа жолданатын болады. Министрліктің аталған мәселе бойынша ресейлік тараппен түрлі деңгейдегі жұмысы жалғасуда», - деп хабарлады ҚР СІМ-нің ресми өкілі Жанболат Үсенов. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Ресейде жүрген қазақстандықтардың бейнеүндеулері пайда болған еді. Олардың айтуынша, өздерін Ресей Қорғаныс министрлігіне қатысты құжаттарға қол қоюға мәжбүрлеген және қазір Украинадағы соғыс аймағына жіберілу қаупі төніп тұр.

5 қазанда түсірілген басқа бір видеода ер адам шетелдегі бір топ қазақстандық Қазақстан елшілігі мен адвокаттардан көмек күтіп жатқанына он күннен асқанын айтты. Оның сөзінше, басында олар 15 шақты адам болса, қазір он шақтысы қалған, ал соғыс аймағына жіберіледі делінген мерзімге үш күн қалған.