Астанада автотұрақта тұрған көліктердің өртенуі кезінде зардап шеккен ер адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр, деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Өрт кезінде көліктердің бірінің жүргізушісі автокөлігін сақтап қалуға тырысып, жарақат алған. Зардап шеккен адам реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатыр.
"Науқастың жағдайы ауыр, тұрақты. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", – деп хабарлады басқарма.