Қазақстанда 13 шілдеде білім беру гранты конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау басталады, деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасаған paryz.kz.
Орталықтың мәліметінше, талапкерлерден өтініш қабылдау 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылады. Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн (виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн) немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болады.
Грант конкурсына қатысу үшін мына құжаттар қажет:
жеке куәлік; ҰБТ сертификаты; 3х4 көлеміндегі фото; орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом; жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар; B167
"Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану" мамандығы үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы керек. Қосымша ақпаратты ЖОО-лардың қабылдау комиссияларына хабарласып білуге болады.