Прямая трансляция

Астана

Астана

31.72°C

Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты іс: ІІМ жаңа мәліметтерді жариялады

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа мәліметтер берді, деп хабарлайды paryz.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты іс: ІІМ жаңа мәліметтерді жариялады
Фото: әлеуметтік желіден

Ведомствоның агенттіктің ресми сауалына жолдаған жауабында аталған күдіктілерге қатысты Жетісу облысы Талдықорған қалалық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігі («Азаптау») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқаны айтылған.

— Соттың санкциясымен аталған тұлғаларға сырттай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, кейін халықаралық іздеу жарияланды, — делінген ІІМ жауабында.

Сондай-ақ министрліктің баспасөз қызметі Айгүл Сайлыбаеваға қатысты азаптау әрекеттері Талдықорған қаласының аумағында жасалғанын нақтылады. Өйткені күдіктілер мен марқұм бұған дейін осы қалада тұрған. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қылмыстық іс бойынша тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.