Прямая трансляция

Астана

Астана

17.6°C

Алматы әуежайында багажды тексеру кезінде шетелдік азамат ұсталды

Алматы әуежайында есірткі контрабандасына тосқауыл қойылды, деп хабарлайды ҰҚК-ға сілтеме жасаған paryz.kz.

Алматы әуежайында багажды тексеру кезінде шетелдік азамат ұсталды
Фото: ҰҚК

Ведомствоның мәліметінше, 30 мамырда ҰҚК полиция, кеден органдарымен және Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығымен бірлесіп, Алматы қаласының әуежайында есірткіні алып өту әрекетін тоқтатқан.

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірінен келген шетел азаматының багажын тексеру барысында шамамен 21 кг өсімдік заты "марихуана" табылған. Тыйым салынған жүк тәркіленіп, күдікті ұсталған.

Полиция бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 286-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған. ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлім етті.