Ұлттық қауіпсіздік комитеті елде республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығу өтетіні туралы ескертті.
"Найза-Антитеррор-2026" терроризмге қарсы оқу-жаттығуы 2026 жылдың 5-30 маусым аралығында өткізіледі. Ведомстводағылар азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу-жаттығуға түсіністікпен қарауға шақырды. "Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Тек ресми ақпаратты басшылыққа алып, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеңіздер", - деп жазылған хабарламада.
Бұл іс-шараларға байланысты жекеленген аудандарда автокөлік қозғалысын уақытша шектеу көзделген.