Прямая трансляция

Астана

Астана

25.05°C

«Малды сат, емге ақша керек»: Сұлтан Сәрсемалиевтің атышулы ісіне қатысты жаңа мәлімет

Атырау облысында бір отбасының аяусыз өлтірілуіне қатысты сотта жаңа айғақтар айтылды. Куәгер WhatsApp-тағы хаттар арқылы берілген нұсқау бойынша мал бағуға көмектескенін және жануарларды сатып алушыларға көрсетіп отырғанын айтты, деп хабарлайды paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Малды сат, емге ақша керек»: Сұлтан Сәрсемалиевтің атышулы ісіне қатысты жаңа мәлімет
Фото: tengrinews

Атырауда әйелінің төрт туысын өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот талқылауы жалғасып жатыр. 4 маусымда сотта негізгі куәгерлердің бірі шопан Дархан Бақытов жауап берді.

Процесс барысында жарияланған материалдарға сәйкес, куәгермен хат алмасқанда өзін "Наурыз Мұқанғалиев" (қаза тапқан отбасы мүшелерінің бірі - еск.) деп таныстырған айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев ештеңеден күдіктенбеген жұмысшыны пайдаланып, марқұмдардың малын сатуды ұйымдастырған.

Қаза тапқан отбасының туыстары оларды Ташкентте емделіп жатыр деп сеніп жүргенде, малдары біртіндеп жаңа иелеріне сатыла берген. Куәгер Дархан Бақытов 2024 жылдың күзінде WhatsApp арқылы қосымша жұмыс істеу туралы ұсыныс алғанын айтты. Ол кезде Наурыз Мұқанғалиев (оны өлтірді деп Сұлтан Сәрсемәлиев айыпталуда - еск.) Бақытовқа күнделікті ақы төлеп, қой мен сиыр бағуды ұсынған. Бір қарағанда күмәнді ештеңе байқалмаған. Алайда кейінірек шопанға жұмыс ақысы сол кезде қаза тапқан отағасы Мақсот Қарабалиннің банк картасынан аударылғаны белгілі болды.

Куәгердің айтуынша, хат алмасу кезінде Наурыз Мұқанғалиев үй иелерінің жоқтығын бүкіл отбасы шұғыл түрде Ташкентке емделуге кетті деп түсіндірген. Ол кезде куәгер Наурыз Мұқанғалиевтің атынан мүлдем басқа адам жазып отырғанын білмеген.

"Малды жайылымнан айдап келгенімде, Наурыз маған картама ақша аударды. Бірақ аударым Мақсот Қарабалиннің картасынан түсті. Наурыздың өзі маған кейін WhatsApp-та “Қазір қолымда қолма-қол ақша жоқ, Мақсот әр бас үшін бөлек төлесін”, деп жазды", - деді куәгер Дархан Бақытов.