Желіде журналист және қоғам белсендісі Арман Шораевқа іздеу жарияланғаны және хабарлама Қосшыдағы полиция бөлімшелерінің бірінде ілініп тұрғаны туралы ақпарат тарады. Ақмола облыстық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды paryz.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 мамырда полицияға Көкшетау тұрғынынан кәмелетке толмаған ұлына азамат Ш. дене жарақатын келтіргені туралы арыз түскен. Арыз бойынша бастапқы процессуалдық іс-әрекеттердің аясында қызметкерлерге өтініште көрсетілген азаматты бөлімге жеткізу тапсырылды.
"Сол күні азаматтың өзі полиция бөліміне келді, онда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес оның қатысуымен қажетті процессуалдық әрекеттер мен тексеру шаралары жүргізілді. Осыған байланысты жеке құрамға берілген жеткізу жөніндегі бағдар өзектілігін жоғалтты", - деп атап өтті Ақмола облыстық полиция департаменті өкілдері.