Алматы облысында 1 мыңнан астам бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілмеген, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Алматы облысының білім беру саласында балалардың құқықтары бұзылған.
"Заңнамаға сәйкес, мемлекеттік білім беру ұйымдарында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуге тиіс. Алайда облыстың 70-тен астам мектебінде 1 101 бала мемлекеттік қолдаудың бұл түрімен қамтылмаған", - дейді прокуратурада.
Оқушыға тамақ бермеген аудандар: Еңбекшіқазақ ауданы – 45,
Талғар ауданы – 7,
Жамбыл ауданы – 5,
Ұйғыр ауданы – 14,
Қарасай ауданында – 4,
Қонаев қаласында – 9 мектеп оқушыларға ыстық тамақ бермеген.
Прокуротураның арқасында барлық оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, кінәлі лауазымды мамандар жауапкершілікке тартылды. Жалпы биыл жыл басынан бері 30 мыңға жуық баланың құқы қорғалды, дейді прокурорлар.