Прямая трансляция

Астана

Астана

24°C

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

Синоптиктердің мәліметінше, елдің солтүстігінде, оңтүстігінде және батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Сол себепті жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіліп отыр.

Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto

Бірақ республиканың оңтүстігінде жаз аптап ыстықтан басталғалы тұр.

"Қазақстан бойынша күндіз ауа температурасы батыста +20…+25°С-қа дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта +23…+38°С-қа дейін, ал оңтүстікте +30…+40°С-қа дейін жоғарылайды", - деп жазылған хабарламада. 30-31 мамыр күндері Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі және екпінді жел күтіледі. 

Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы басым болады. Ел бойынша желдің күшеюі болжанады, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы мүмкін.