Прямая трансляция

Астана

Астана

24°C

"Атыма кір келгеніне жол бере алмаймын": Михаил Шайдоров мәлімдеме жасады

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Threads желісінде жазба жариялап, жалақысына қатысты мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды Paryz.kz.

"Атыма кір келгеніне жол бере алмаймын": Михаил Шайдоров мәлімдеме жасады
Фото: әлеуметтік желіден

"Барлық қазақстандыққа қолдағаны, бей-жай қарамағаны үшін, әлеуметтік желілердегі көптеген жазбалары, жылы лебіздері мен тілектері жазылған жеке хаттары үшін алғыс айтқым келеді. Мен мұны өте жоғары бағалаймын. Сыннан өтпеген, сенімсіз ақпарат ағынына ермегендеріңіз үшін рақмет. Сенімдеріңіз мен үшін өте маңызды", - деді ол.

Спортшы өз атына кір келмес үшін мәселені нақтылап өткісі келетінін айтты.

"Қандай да бір органдармен айтысып-тартысқым келмейді, бірақ өз атымның көпшілік алдында қаралануына жол бере алмаймын. Жағдайды нақтылап өткім келеді. Иә, бүгінгі таңда маған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері куәлігі шынымен де табысталған жоқ, ал мен бұл нормативті әлі 2025 жылы әлем чемпионатында күміс жүлде алып орындаған болатынмын. Рәсімдеуге қажетті құжаттардың барлығынан өтсем де, куәлікті алған жоқпын", - деді ол.