Прямая трансляция

Астана

Астана

24°C

Астанада 4 жасар бала жетінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Қайғылы жағдай елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болды. Алған жарақаттарынан бала оқиға орнында көз жұмды.

Астанада 4 жасар бала жетінші қабаттың терезесінен құлап кетті
Фото: Baq.kz.

Астана қаласының полиция департаменті бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Баланың терезеден құлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 4 жасар бала 7-қабаттың терезесінен құлап кетіп, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Полиция департаменті ата-аналарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттілігін ескертеді.