Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

ҰҚК екі қала мен алты облыста арнайы операция жүргізді

Қазақстанның бірнеше өңірінде бір мезгілде жүргізілген арнайы операция кезінде 20 адам ұсталды, деп хабарлайды ҰҚК-ға сілтеме жасаған paryz.kz.

ҰҚК екі қала мен алты облыста арнайы операция жүргізді
Фото: видиодан скриншот

Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 4 ақпанда ҰҚК ІІМ-мен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен қару-жарақты өткізу және сақтау, қорқытып алу, ұрланған автокөлікті заңдастыру, сондай-ақ өзге де қылмыстарға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтың заңсыз қызметін тоқтатуға бағытталған арнайы операцияны жүзеге асырған.

Іс-шаралар бір мезгілде Алматы мен Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында өткізілген. Оның барысында 20 адам ұсталып, олардың 10-ы уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

"Тінту барысында күдіктілерден атыс қаруы, оқ-дәрілер, есірткі заттары, ірі көлемдегі ақша қаражаттары, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.