Қарағанды облысында жүк пойызы мен көлік соқтығысты, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
"Қарағанды-Сұрыптау станциясы — Құлайғыр станциясы" теміржол учаскесінде Audi автокөлігі жүк пойызымен соқтығысты. "35 жастағы Audi жүргізушісі тыйым салынған қызыл бағдаршам сигналын елемей, теміржол өткеліне шығып, жүк пойызымен соқтығысқан", - дейді ведомстводағылар.
Апат салдарынан жүргізуші мен оның төрт жолаушысы медициналық мекемелерге жеткізілді.
Қазіргі уақытта полиция жан-жақты тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу аясында оқиғаның әрбір қатысушысының заңнамаға сәйкес іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.