Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 24.11.2025 15:02 Обновлять, 24.11.2025 14:52

ҰҚК Қазақстанның төрт қаласында операция жүргізіп, алты адамды ұстады

Биыл қарашада Алматы, Ақтөбе, Қонаев және Шымкент қалаларында терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желіде насихаттады деген күдікпен деструктивті діни ағымдардың 6 жақтаушысы ұсталған. Бұл туралы ҰҚК-ға сілтеме жасаған paryz.kz хабарлайды.

ҰҚК Қазақстанның төрт қаласында операция жүргізіп, алты адамды ұстады
Фото: NUR.KZ

"Тергеу болжамына сәйкес, олар діни негізде шабуылдар мен кісі өлтіруге шақырулар таратқан, сонымен қатар зайырлы тәртіпке қарсы шыққан", - делінген хабарламада.

ҰҚК-нің мәліметінше, тінту барысында күдіктілерден атыс және суық қару, сондай-ақ көптеген діни әдебиет тәркіленген. Сот санкциясымен олар қамауға алынған. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. 

Сонымен қатар 3 қарашада осындай қылмысы үшін – терроризмге шақыру материалдарын таратқан Ақтөбе облысының тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылған.

Үкім заңды күшіне енген. visit.kompastour.com favicon Перейти Ведомство келтірген деректерге сүйенсек, жыл басынан бері ҰҚК органдарының материалдары бойынша террористік және экстремистік әрекет үшін 83 адам ұсталып, 97 адам сотталған.