Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 12.11.2025 18:11 Обновлять, 15.11.2025 02:50

Алматыдан Ташкентке күн сайын тальго пойызы қатынайды

 "Жолаушылар тасымалы" АҚ Алматы мен Ташкент арасында күнделікті қатынайтын тальго халықаралық пойызының іске қосылғанын хабарлады.

Алматыдан Ташкентке күн сайын тальго пойызы қатынайды
фото: Sputniknews

2025 жылдың 14 желтоқсанынан бастап іске қосылатын пойыз күніне 400-ден астам жолаушыны тасымалдайды. Тасымалдаушылардың айтуынша, бағыт жоғары жайлылық қарастырылған тальго пойыздарымен жүзеге асырылады.

"Күнделікті қатынауды енгізу Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көлік байланыстарын нығайтуға, туризмді дамытуға және екі ел арасындағы мәдени және іскерлік байланыстарды нығайтуға бағытталған", - деп хабарлады ұлттық тасымалдаушысы компаниядағылар.

Алдағы қысқы маусымға бірқатар бағыттың кестесіне қосымша өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.