Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қор нарығында доллар 535 теңгеге дейін арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Қор нарығында доллар 535 теңгеге дейін арзандады
Коллаж: Kazinform/ Canva

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,3 теңгеге арзандап, 535,83 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 538,13 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 535,73 теңгеден сатып алынады, 537,91 теңгеден сатылады.

Еуро 623,05 – 626,83 теңге, ал рубль 6,59 - 6,72 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 75,79 теңгеге сатып алынады, 78,31 теңгеден сатылады. 

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 534,37 теңгеге сатып алынады, 540,34 теңгеден сатылады; 

- еуро: сатып алу - 620,48 теңге, сату - 628,49 теңге; - рубль: сатып алу - 6,53 теңге, сату - 6,69 теңге. - юань: сатып алу - 76,16 теңге, сату - 79,97 теңге.