Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ақтөбедегі жол апаты: ауруханаға түскен алты адамның екеуі комада жатыр

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы жантүршігерлік жол апатынан жарақат алғандардың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Paryz.kz Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбедегі жол апаты: ауруханаға түскен алты адамның екеуі комада жатыр
фото: видеодан скриншот

Қазіргі кезде 6 науқас Ақтөбенің медициналық мекемелерінде емделіп жатыр. Екеуі комада. Олардың біреуі – 16 жастағы жасөспірім.

"Зардап шеккен баланың жағдайы өте ауыр. Ол көпсалалы облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр", - дейді дәрігерлер.

 Ал төрт науқас қалалық көпсалалы ауруханаға түскен. Үшеуінің жағдайы жақсарып келеді. Біреуі әлі комада. Алтыншы науқас облыстық көпсалалы ауруханада ем алып жатыр.