Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған алаяқ сотталды

Қала тұрғыны өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, алаяқтық жасаған, деп хабарлады бас прокуратура.

Өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған алаяқ сотталды
фото: Sputniknews

Ол жүргізуші куәлігін алуға және автокөлікті қайта рәсімдеуге жәрдем беремін деп алаяқтық жолмен таныстарын және жәбірленушілерді алдаған.

"Жәбірленушілерден 1 млн теңгеден астам қаражат алып, өз міндеттемелерін орындамаған және ақшаны өз қалауынша жұмсаған", - деп жазылған хабарламада. 

Мемлекеттік айыптаушы сотқа сотталушының бірнеше рет ауыр санаттағы қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын дәлелдейтін айғақтарды ұсынды.

Кінәсін толық мойындауын және залалды өтеуін ескере отырып, сот үкімімен оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді. Үкім заңды күшіне енді.