Ақтөбе облысында полицейлер бопсалаумен айналысқан екі қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Хромтау қаласында жергілікті қылмыстық орта өкілдері қорқыту мен күш қолдану арқылы шахтерлерден ақша бопсалаған. Бірақ жәбірленушілер құқық қорғау органдарына жүгінбеген.
"Жедел қызметкерлер күдіктілерді толық анықтап, бұлтартпас дәлелдер жинап, барлық қатысушыны бір мезгілде ұстау операциясын жүргізді. 20 санкцияланған тінту шарасы барысында ақша мен өзге де айғақ заттар тәркіленді", - дейді полицияда.
Осындай қылмыстық әрекеттер Ақтөбе қаласында да тоқтатылды. Мұнда полиция көңіл көтеру орындарын бопсалағандарды анықтады.