Прямая трансляция

Астана

Астана

27°C

Қазақстандықтар қазан айында неше күн демалады

Биыл қазан айында қазақстандықтарды қосымша демалыс күні күтіп тұр. Еліміз ұлттық мереке – Республика күнін атап өтеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қазақстандықтар қазан айында неше күн демалады
Фото: getty images

Қазақстандағы 2026 жылға арналған мерекелік және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, биыл қазан айында еліміздің тұрғындары 10 күн демалады.

Қазақстандықтар 25 қазанда аталып өтетін Республика күніне байланысты қосымша демалыс алады. 2026 жылы ұлттық мереке жексенбіге түсіп тұр. 

Заңға сәйкес, егер мереке сенбі немесе жексенбіге түссе, демалыс күндері бір күнге ұзартылады. Осылайша, 2026 жылы аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 24 және 25 қазаннан бөлек, дүйсенбі, 26 қазанда да демалады. "Республика күні жексенбі 25 қазаннан дүйсенбі 26 қазанға ауыстырылады", - делінген күнтізбеде.