Прямая трансляция

Астана

Астана

30°C

Жұмысынан айырылғандарға әлеуметтік төлем тәртібі өзгереді

Қазақстанда жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тәртібі өзгереді, деп хабарлайды еңбек министрлігі.

Жұмысынан айырылғандарға әлеуметтік төлем тәртібі өзгереді
Фото: gov.kz

Бұл тәртіп 1 қазаннан бастап күшіне енеді. Төлемнің мерзімі ең көбі үш ай болады. Бұл өзгеріс әлеуметтік төлем алуға құқығы биыл 1 қазаннан бастап туындайтын азаматтарға қатысты қолданылады. Пилоттық жоба бойынша әлеуметтік төлемнің мерзімі азаматтың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу ұзақтығына қарай белгіленеді.

"Жүйеге 6 айдан 12 айға дейін қатысқан азаматқа төлем 1 ай, 12 айдан 24 айға дейін қатысқан жағдайда 2 ай, ал 24 ай және одан көп қатысқан жағдайда 3 ай төленеді", - дейді министрлік. 

Сонымен қатар 1 қазаннан бастап жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері белгіленеді. Ол төлем алу құқығы туындаған күндегі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 7 ең төменгі жалақының 45%-ын құрайды.

Әр азамат үшін төленетін нақты сома соңғы 24 айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысына және оның міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу ұзақтығына қарай есептеледі.