Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

Талдықорғанда екі наркозертхана әшкереленді: 1,3 кг мефедронмен шетелдіктер ұсталды

Жетісу облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен Талдықорған қаласында әрекет еткен екі наркозертхананың қызметін әшкерелеп, жолын кесті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Талдықорғанда екі наркозертхана әшкереленді: 1,3 кг мефедронмен шетелдіктер ұсталды
Фото: видиодан скриншот

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бір қылмыстық схема аясында әрекет еткен 31 және 21 жастағы екі шетел азаматы ұсталды.

Тергеу барысында олардың синтетикалық есірткі заттарын дайындаумен айналысқаны анықталды. Тінту кезінде зертханалық құрал-жабдықтар, химиялық реагенттер, сондай-ақ өткізуге дайындалған 1,3 килограмнан астам мефедрон тәркіленді, - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті. 

Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға, соның ішінде ұйымдастырушыны және басқа да қатысушыларды әшкерелеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция ескертеді: есірткі құралдарының заңсыз айналымы міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Мұндай қылмыстардың жолын кесу – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен азаматтардың болашағын қорғауға қосылған маңызды үлес.