Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі қаралып жатқанда тілін көрсеткен судья Әбінұр Қарабаевқа қатысты Судья әдебі комиссиясының қандай шешім қабылдағаны белгілі болды, деп хабарлайды Paryz.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.
"Судья әдебі жөніндегі комиссия судья Әбінұр Қарабаевқа қатысты тексеріс материалдарын мәні бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриіне қарауға жіберу туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта бұл шешім заңды күшіне енген жоқ, судья Қарабаев оған шағымдануға құқылы", - деп хабарлады Шымкент сотының баспасөз қызметі.