Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматыда самокат жүргізген жас жігіт жаяу кетіп бара жатқан адамның көзін ағызып жіберді

Алматыда 3 қыркүйек күні самокат мінген ер адам жаяу жүргіншіге шабуыл жасап, көзіне үшкір зат сұғып алғаннан кейін оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды

Алматыда самокат жүргізген жас жігіт жаяу кетіп бара жатқан адамның көзін ағызып жіберді
фото: видеодан скриншот

Күдіктінің арада бірнеше күн өткеннен кейін ұсталғаны белгілі болды.

«Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау және кінәлі адамды жауапқа тарту мақсатында бірқатар тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деп Полиция департаменті агенттік тілшісіне түсініктеме берді.

Бүгінге дейін жәбірленушінің көзіне бірнеше рет ота жасалғаны, сол сияқты оның өз қаражатына емделіп жатқаны белгілі болды