Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Түркия мен Қазақстан теңізге қатысты келісімге қол қояды

Қазақстан мен Түркия теңіз келісіміне қол қоюға дайындалып жатыр.

Түркия мен Қазақстан теңізге қатысты келісімге қол қояды
фото: Sputniknews

Қазақстанның көлік министрлігі құжаттың жобасын дайындады. Келісім мақсаты - теңіз саласындағы өзара іс-қимылды нығайту, кеме қатынасының қауіпсіздігін арттыру, теңізшілердің дипломдарын өзара тану, порт және кеме жасау саласын дамыту.

Оның ішінде порттар мен кемелерді салу және жаңғырту, мультимодальдық тасымалдауды дамыту бойынша ынтымақтастық көзделіп отыр.

Келісім порттағы қолжетімділік пен кеме жасаудан бастап кадрлар даярлау мен экологиялық қауіпсіздікке дейінгі мәселелерді кеңінен қамтиды, деп хабарлады министрліктегілер.