Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Ескі 10 000 теңгелік купюраларды пайдалану мерзімі ұзарады

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов брифинг барысында қазақстандық банктер ескі 10 000 теңгелік банкноттарды пайдалану мерзімін ұзартуды сұрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.

Ескі 10 000 теңгелік купюраларды пайдалану мерзімі ұзарады
Фото: nur.kz

"Біз бұл мерзімді тағы бір жылға ұзартуды жоспарлап отырмыз. Оларға сұраныс жоғары, Қаржыгерлер қауымдастығы, яғни екінші деңгейлі банктер бізден мерзімді тағы бір жылға ұзартуды сұрады", - деді Сүлейменов.

Ескі 10 000 теңгелік банкноттардың пайдалану мерзімі 2026 жылдың маусымында аяқталуға тиіс еді. Енбі оны пайдалану мерзімі 2027 жылдың маусымына дейін ұзарады.